Маусымда “Сары-Арқа” және “Момышұлы” метро станциясы іске қосылады

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев осылай деп мәлімдеді. Бұл екі метро станциясы Әуезов ауданында орналасқан. “Бұл метрополитеннің тәуліктік жолаушылар ағынын 40 мыңнан 86 мыңға дейін арттырады”, – деді мегаполис басшысы. Қосымша ақапар, аталған ауданда Төле би көшесі ұзартылып жатыр. Ол үшін әкімдікке 270 жер учаскесін босату қажет. Қазіргі кезде 63 учаске иесімен сатып алу бағасы келісілген. Қалған учаске бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.