Мәсімовтің қамау мерзімі 6 маусымға дейін ұзартылды

Фото: arasha.kz

Осыған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасын қамауда ұстау мерзімі 6 мамырға дейін ұзартылған еді. Комитеттің тергеу тобы К.Мәсімовке, Ә.Садықұловқа, Д.Ерғожинге және басқа да күдіктілерге қатысты тергеуді жалғастырып жатыр. Еске салайық, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты биыл 6 қаңтарда Қылмыстық кодекстің мемлекетке сатқындық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.