Мектептерде лицензияланған күзет болуы керек – вице-премьер

Қазақстандағы барлық мектепте лицензиясы бар күзет болуы керек. Үкімет осындай талап қойып отыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Вице-премьердің айтуынша, Петропавлдағы 4-орта мектепте бейнебақылау камералары орнатылғанымен, лицензияланған күзеті болмаған. “Біздің мәлімет бойынша шалғай аудандарда лицензияланған күзет әлі жоқ. Мектептердің 87 процентінде дабыл батырмасы, 70%-тен астамында турникет, сонымен қатар лицензияланған күзеті бар. Десе де лицензияланған күзеті жоқ мектептер де баршылық. Ол жерде мектептің күзетшісі ғана отырады. Бірақ біз лицензияланған күзетпен келісімшартқа отыруды талап етеміз. Бұл үшін мектептер жауапкершілік алуға тиіс”, – деді Көлгінов.