Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі 2 айға ұзартылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Еске салайық, ҚР Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты “Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі” халықаралық көрмесін өткізу кезінде 146 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.