Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі Тамим бен Хамад Әл Тәнидің жеке шақыруымен “Жаһандық экономиканы қалыпқа келтіруде теңдікке қол жеткізу” атты екінші Қатар экономикалық форумының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорда сайты. Форум “Мемлекеттердің экономикалық дағдарыстан шығу мәселесі” тақырыбына арналған. Қатар экономикалық форумының қорытындысы бойынша жаһандық өсімнің келесі кезеңінің жоспары әзірленіп, пандемиядан кейінгі әлемді қалыптастыру үшін нақты шешімдер ұсыну көзделіп отыр.