Қазақстанның ірі жұмыс берушілері маман іздейді

Фото: vecher.kz

Қазақстанның ірі жұмыс берушілері жастарға арналған алғашқы бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкесіне қатысады. 27-29 маусым күндері Электронды еңбек биржасында қазақстандық компаниялар өз мекемесін таныстырады. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 18-35 жас аралығындағы әр Қазақстан азаматы қатысуға құқылы. Ол үшін enbek.kz порталында тіркеуден өту қажет. Жәрмеңкеде 1300-ден астам бос жұмыс орнын еліміздің ірі компаниялары ұсынады. Электронды еңбек биржасындағы онлайн-жәрмеңкені Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» бірлесіп ұйымдастырады.