Мемлекет басшысы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін бірыңғай ақпараттық база құруды тапсырды

“Мүмкіндігі шектеулі адамдарға барынша қолайлы жағдай жасау ең маңызды мәселе. Ең алдымен, барлық санаттағы мүгедектікті анықтау рәсімдерін түбегейлі жеңілдету керек. Қазір күтімге мұқтаж адамдардың өзіне тиесілі әлеуметтік қызметтерді пайдалануы өте қиын. Олар онсыз да белгілі нәрсені дәлелдеу үшін түрлі кеңсенің табалдырығын тоздыруға мәжбүр. Цифрлық технологиялар мен автоматтандыру дәуірінде мұндайға жол беруге болмайды”, – деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында. Сондықтан, президенттің айтуынша, жұмыс тәсілін дереу өзгерту қажет. Президент азаматтар өздеріне қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуы тиіс деп санайды. Тоқаев бұл жобаны биыл 1 шілдеден бастап сынақ ретінде, ал 2022 жылы 1 қаңтардан толыққанды жүзеге асыруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан