Қазақстан президенті қолжетімді үйлер салуға қатысты тапсырма берді

“Қолжетімді әрі сапалы үй салуды жандандыру үшін құрылыс компанияларымен оффтейк, яғни алдын ала сатып алу келісімін жасау керек. Соған сәйкес, тұрғын үйлер “Нұрлы жер” бағдарламасындағы бағамен сатып алынады”, – деді президент.
Президент Тоқаев ендігі кезекте кімдердің стипендиясын көтеру керектігін айтты.  “Бұған дейін біз педагогикалық жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің стипендиясын көтеру туралы шешім қабылдадық. Бұл қадам өз жемісін берді. Сондықтан медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажет”, – деп президенттің сөзін келтірді Ақорда Twitter парақшасында.