Мереке күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады. Облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары 29 тамызда сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметтерді банктік қосымшалар мен QR коды арқылы төлеуге болады. 27 тамыз, сенбі жұмыс күні болады. ХҚО-лар клиенттерді әдеттегі кесте бойынша қабылдайды. 31 тамызда ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмысын жалғастырады.