Іле-Алатау шатқалында шетел азаматы әскери қызметшілерге оқ атты

Шекара нарядының “тоқта”, “құжатыңды көрсет” деген талабына қарамай, шекара бұзушы өзінің аңшы қаруымен әскери қызметшілерге қарсылық көрсеткен және ізін суытуға тырысқан. ҰҚК өкілдерінің мәлімдеуінше, ұсталған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Шекарашылардың өмірі мен денсаулығына зиян келген жоқ. Қазір әскерилердің көрсеткен ержүректігі мен батылдығы ескеріліп, оларды көтермелеу мәселесі қаралып жатыр.