Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстандағы девальвация туралы сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Теңге бағамы нығая түскенін көріп отырсыздар. Маған бұл сұрақты жыл басынан бері талай рет қойды. Кей жерлерде дүрбелең, маусымдық кезеңдер болып жатқанын көріп отырмыз. Теңге кейде әлсірейді, бірақ кейін позициясын қалпына келтіреді. Қазір теңге бағамы 466 теңгеден төмен екенін көріп отырмыз, бұл бюджетті нақтылау кезінде қолданылған бағам”, – деді Қуантыров.