Министр Қазақстаннан 30 жылда қанша ақша шығарылғанын айтты

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың мәлімдеуінше, елден шамамен 100 миллиард доллар шығарылған. “Оларды қайтару туралы түрлі механизмдер қарастырып жатырмыз. Жаңа тәсілдермен қарастыратын болсақ салықтық және салықтық емес ынталандыру шаралары бар. Салық бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз, ал салықтық емес бойынша да жақсылап қарауымыз керек”, – деді Қуантыров. Министрдің айтуынша, бұдан басқа капиталды қайтару шаралары Салық кодексінің түзетулер жобасына енгізілген.