Руслан Желдібай президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Руслан Сұлтанұлы Желдібай биыл ақпанда премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып қызметке кіріскен еді. Ол – “Болашақ” бағдарламасының түлегі. Еңбек жолын 2012 жылы “Қазақстан” телеарнасында редактор болып бастаған. 2019-2020 жылдары – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпарат комитеті төрағасының орынбасары. 2020 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған.