Министрлік 25 жоғары оқу орнының 60 лицензиясын қайтарып алды. Тексерісті білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті жүргізді деп хабарлайды Sputnik. Лицензиясы қайтарылған жоғары оқу орындары “педагогикалық ғылымдар”, “өнер”, “гуманитарлық ғылымдар”, “жаратылыстану ғылымдары”, “техника ғылымдары”, “қызмет көрсету” және “әлеуметтік жұмыс”, “әлеуметтік ғылымдар” бағыты бойынша мамандар даярлайды.
Оқу ордалары талапкерді оқуға қабылдау, профессор-оқытушылар құрамның біліктілігін арттыру, конкурс арқылы алмастыру, оқу жүктемесін жоспарлау, білім алушыларды қорытынды аттестаттау, диплом бланкілерін есепке алу бойынша нормативтік құқықтық актілерді сақтамаған.