Салық бойынша қарызы барларға 20 мың теңге айыппұл есептеле ме?

Салық бойынша қарызы барларға 20 мың теңге айыппұл есептеле ме?Қаржы министрлігі желіде тараған осындай хабарламаға қатысты пікір білдірді. Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы өткен салықтық кезеңдер үшін берешегі бар азаматтар борышын 1 қазанға дейін өтемесе 8 АЕК (20 000 теңге шамасында) көлемінде айыппұл салынатыны туралы хабарлама тарап жатыр.

Қаржы министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді. Қолданыстағы ҚР Салық заңнамасында айыппұл есептеу шаралары көрсетілмеген. Тек салықты уақытылы төлемеген жағдайда өткізілген әр күнге өсімпұл есептеледі», – деді министрліктің баспасөз хатшысы Әлібек Абдилов. Қоса кетсек, осы жылдың аяғына дейін жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық үрдісі жүруде. Оның ережелеріне сәйкес, жеке тұлға берешегінің негізгі сомасын өтеген жағдайда өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады.