1 қарашадағы жағдай бойынша елімізде зейнеткерлердің саны 2 миллионнан асты. “Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда) 99 804 теңгеге тең”, – делінген хабарламада. Биыл қаңтар-қазан айлары аралығында республикалық бюджеттен базалық зейнетақыны төлеуге шамамен 682,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 1 трлн 543,2 млрд теңге бөлінді.