“Венгрия тарапының бізге берген мәліметінше, Мәсімов мырзаның мұндай азаматтығы болмаған. Қосымша ақпарат түскен жоқ. Біздің елде қос азаматтыққа тыйым салынған және басқа елдің азаматтығын алған адам автоматты түрде біздің азаматтықтан айырылады”, – деп жауап берді сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко. Еске салайық, 18 қарашада Астанада Кәрім Мәсімовке қатысты сот отырысы басталды. Бұл процесс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр. Іс бойынша мәліметтер жарияланбайды, сот тергеуі, сондай-ақ тергеу “құпия” санатына жатады.