Ленин шахтасындағы жарылысқа қатысты тергеу аяқталды

Шахтадағы апаттың салдарынан бес кенші қаза тапты. Комиссия мүшелері жұмыс берушінің 100 пайыз кінәсі барын анықтады. Арнайы тергеудің қорытындысын төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді. Ол Ленин атындағы шахтадағы апатқа метан мен көмір шаңының көп шоғырлануы себеп болғанын, соның салдарынан тұтану туындағанын атап өтті. “Тергеу барысында көмір департаментінің, Ленин атындағы шахтаның инженерлік-техникалық қызметкерлері тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығы анықталды. Шығарындылар қауіпті учаскенің болжау қызметінің штаты тау-кен шеберлерімен қамтылмаған, іс жүзінде 13 адам болған, ал есеп бойынша 25 адам болуы тиіс. Сондай-ақ, аэрогазбақылау қызметінің штаты да қамтылмаған. 16 электрослесарь болған, негізі 25 болуы керек”, – деп атап өтті Юрий Ильин. Комиссия заң бұзушылыққа жол берген 26 адамды анықтады. Олардың қатарында “АрселорМиттал Теміртау” компаниясының бас директоры Бижу Наир мен Көмір департаментінің директоры Гельсон Батис та бар. Арнайы тергеу материалдары полицияға тапсырылады. Соңғы процессуалдық шешім сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қабылданады, – деді министр.