Министрлік коронавирус пандемиясына жұмсалған қаржы көлемін жариялады

Пандемия басталған 2020 жылы бюджеттен 252 миллиард теңге жұмсалған. “Осы ақшаның 28 миллиарды дәрі-дәрмек, соның ішінде қорғаныс құралдарын және медициналық техниканы сатып алуға кетті. 197 миллиард теңгесі дәрігерлердің еңбекақысы сол кездегі үстемеақыға жұмсалды. Іссапар шығындары да болды. Әсіресе, санитарлық эпидемиологиялық қызмет мамандары іссапарға жиі шыққан. Бұдан бөлек, 20 миллиард теңге медициналық сақтандыру қорына аударылды. Оған медициналық көмектің ақысы төленді. Ал 2021 жылы 556 миллиард теңге бөлінген. Биыл пандемиямен күрес шараларына 86 миллиард теңге қарастырылып отыр. Соның ішінде 9 миллиард вакцина алуға жұмсалады. Ал 20 миллиард теңгесі былтыр сатып алынған Pfizer вакцинасы үшін төленеді. Қазір елде карантиндік шаралар алып тасталды. Бетперде тағудың қажеті жоқ,- деді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.