Әлеуметтік желілерде Қазақстанда кәмелетке толмаған балалар Ұлттық қордан қанша ақша алатындығы туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды stopfake.kz. Онда оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасалған. Ведомство бұл ақпаратты жоққа шығарды. “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы бойынша инвестициялық табыстың 50%-ін аударған кезде кәмелетке толмаған азаматының шотына жыл сайын 74 241 теңгеден түседі”, – делінген таратылған хабарламада. “Бұл мәселе бойынша оқу-ағарту министрлігінің өкілдері тарапынан түсініктеме болған жоқ. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды”, – деді оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Әбдуалиева.