Бас прокуратура қаңтар оқиғасы бойынша рақымшылыққа ілігетіндердің тізімін жасап жатыр

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев қаңтар оқиғасы бойынша президент жариялаған бір реттік рақымшылыққа кімдер ілікпейтінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Әзірге нақты санын айта алмаймын. Өйткені қазір пысықтап жатырмыз. Президент тапсырма берді, енді қарастыру керек. Экстремистік қылмыс жасағандар, қаңтар оқиғасын ұйымдастырғандар рақымшылыққа ілікпейді”, – деді Шындалиев. Ол рақымшылыққа ілігетін адамдардың саны кейін хабарланатынын жеткізді.