Маңғыстау облысында Маңғышлақ – Ақтөбе арасында қатынайтын жолаушылар пойызының жүк вагонынан өрт шығып, 5 адам зардап шекті, жарақат алғандар арасында бір бала бар. 14 желтоқсанда Қазақстан төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі осындай ақпарат таратты.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Бейнеу ауданындағы 464-разъезд аумағында жүк вагонынан өрт шыққаны туралы хабар өрт сөндірушілерге таңғы сағат 5:30 шамасында түскен.
Өрт кезінде жүк вагонында болған бес адам (біреуі бала) Бейнеу ауылының ауруханасына жеткізілген. Олардан түрлі жарақат анықталған.