Бір күнде 764 науқас анықталды, 7 адам қайтыс болды

13 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус жұққаны ПТР-тестпен дәлелденген 747 адам анықталды, 17 адамнан коронавирус пневмониясы табылды. Бір күнде 7 адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, барлығының ПТР-тесті оң шыққан. Наурыз айынан бері 142 325 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталған. Содан бері 2 145 адам Covid-тен қайтыс болған. 126 182 адам жазылған.