Үкімет басшысының орынбасары ел тұрғындарына пайызы төмен автонесие беру биыл сәуірде басталатынын айтты. «Sputnik Казахстан» таратқан ақпаратқа сүйенсек, шенді қазір үкімет қажет нормативті актілерді дайындап жатқанын атап өткен. Біраз уақыт бұрын Р. Скляр бағасы 10 млн теңгеден аспайтын отандық машинаны 71 мың азамат бастапқы жарна төлемей-ақ жылдық мөлшері 4 % несиеге ала алады деп мәлімдеген еді.