Қазақстанда министрліктің жауапты хатшысының жалақысы 830 мың теңгеге дейін барады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
“Министрліктегі жауапты хатшының жалақысы бүгінде орташа есеппен 685 мың теңгені құрайды. Жалпы, еңбекақы әркімде әртүрлі, еңбек өтіліне байланысты, 815-830 мың теңгеге дейін барады”, – деді Тоғжанов.
Ол жұмыстан босатылған жауапты хатшы қайда баратынын министрліктің бірінші басшысы шешетінін атап өтті.
Президент өз жолдауында министрліктерде жауапты хатшы қызметін қысқартуды тапсырған еді.