“Тағы карантин жарияланады”: Вице-премьер жауап берді

Қазақстанда тағы да қатаң карантин енгізу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тоғжанов бұл ақпаратты жоққа шығарды.

“Ондай ақпарат бізде жоқ. Бүгінгі күні өсім деңгейі 0,1 процентті құрап отыр. Бұл ашығын айтқанда, үлкен жұмыс пен қабылданған шаралардың нақты нәтижесі. Қазақстанда ешқандай карантин енгізу мәселесі тұрған жоқ. Керісінше, өздеріңіз байқап отырғандай, карантин режимін жұмсартуға байланысты бірнеше шаралар қабылданды,” – деді вице-премьер.

Ол бүгін ведомствоаралық комиссияның отырысы өтетінін және онда карантинді одан әрі жеңілдету жайы қаралатынын атап өтті.

Вице-премьер қазақстандықтардан тек ресми ақпараттарға сенуді сұрады.