Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Қостанай қалаларындағы арнайы операция шеңберінде ҰҚТ мүшелері ұсталды.«Әлібековтер», «Ибрагимовтер» және «Махмудовтар» Ұйымдасқан Қылмыстық Топтың 15 жетекшісі мен белсенді мүшелері ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Олар рейдерлікпен және қару саудасымен айналысқан. Ұсталғандардың бірі Ресей Федерациясында бандитизм мен адам өлтіргені үшін халықаралық іздеуде болған екен. Олардан атыс қаруының, оқ-дәрілер мен гранаталардың арсеналы алынған.
Қолға түскендер елордадағы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалып, қолда бар дәлелдемелерді бекіту және қылмыстық әрекеттің өзге де эпизодтарын анықтау бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Арнаулы қызметтер мен полицияның қылмыстық топтардың жоспарлары мен ниеттерін анықтау және оның жолын кесу бойынша жүйелі жұмысы жалғасуда.