ДДСҰ бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны бойынша жаңа антирекордты тіркеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны бойынша жаңа антирекордты тіркеді.Ұйымның мәліметі бойынша, бір күннің ішінде вирус әлемдегі 308 мыңға жуық адамда расталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бұл пандемия басталғалы болған рекордтық өсім. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес, коронавирус жұқтыру саны бойынша көшбасшы елдер: АҚШ; Үндістан; Бразилия; Ресей және Перу.