Нұр-Сұлтан коронавирус бойынша “қызыл” аймаққа кірді

Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралуы көрсеткіші бойынша “қызыл” аймаққа кірді. Бұндай мәлімет облыстардың эпидемиологиялық ахуалын бағалайтын Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сайтында жарияланды. 10 желтоқсандағы мәліметке сәйкес, елорда коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша “қызыл” аймаққа енген. Бұл аймақта Павлодар облысы да бар.

Ал “сары” аймақта Алматы қаласы мен Атырау, Қостанай, Ақмола, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары қалып отыр. Еліміздің өзге өңірлерінің барлығы “жасыл” аймақта. Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 777 адам тіркелген. Соның 121-і Нұр-Сұлтан қаласында анықталды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясы жұқтырғандар саны 139 159-ға жетіп отыр.