Украинада жаңа жылдан кейін қатаң локдаун енгізілмек

Ел билігі COVID-19 дертінің таралу жағдайы көбеюіне байланысты елде жаңа шектеулер енгізілетіні туралы ақпаратты ресми түрде жариялауға мәжбүр болған. Себебі, тек соңғы тәулікте 276 адам коронавирустан көз жұмған. 12,5 мың адам инфекцияны жұқтырып алған. Бұл елде пандемия басталғалы бері рекордтық көрсеткіш. Қатаң карантин 8 қаңтарда басталып және кем дегенде екі аптаға созылатыны белгілі болып отыр. Еске сала кетейік, бұған дейін Түркияда коронавирустың өршуіне байланысты 1 желтоқсаннан бастап, демалыс күндері коменданттық сағат енгізілгенін хабарлаған едік. Ел тұрғындары жұма күні кешкі 21:00-ден бастап, дүйсенбі күні таңғы 5-ке дейін сыртқа шыға алмайды. Азық-түлік дүкендері тек үйге жеткізу қызметі бойынша жұмыс істейді. Сондай-ақ елдегі монша, сауна мен ойын сауық орындары уақытша жұмысын тоқтатқан.