Полицейлер Ақмола облысының Қараөткел ауылында 12 жасар қыз зорланғанын жария етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
“Кәмелетке толмаған қызға өткен жылдың желтоқсанынан осы жылдың маусымына дейін сексуалдық әрекет жасалған. Қылмыс Целиноград облысындағы Қараөткел ауылында болған”, – деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаменті.
Қыздың анасы полиция бөліміне 13 маусымда арызданған. “Сол күні үш күдікті анықталды, олар 25-26 жаста, барлығы Целиноград ауданында тұрады”, – деп атап өтті баспасөз қызметі. Тергеу жүріп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.