Елордалық полиция ауа райының қолайсыздығына байланысты автокөлік иелері мен жаяу жүргіншілерге жолда барынша мұқият болуды ескертті. Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, қазір арнайы техника көшелерді қардан тазалап жүр. Олар тәулік бойы жұмыс істейді. “Жүргізушілерді мұқият болуға және көліктерін жол бойына қоймауға, қоғамдық көліктің қозғалысына және қар тазалаушы техниканың жұмысына кедергі келтірмеуге шақырамыз”,- делінген хабарламада. Полиция көктайғақ пен бұрқасын жолдағы адамдарға қауіп төндіретінін атап өтіп, жүргізушілерге өз бағдарын алдын ала жоспарлауға, қала сыртына шықпауға кеңес берді. Жаяу жүргіншілерге де барынша сақ болу керектігін ескертті.