Елімізде ең көп сұранысқа ие 5 көлік аталды

Жыл басынан бері отандастарымыз автосалоннан 96 мың 800 су жаңа көлік сатып алды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37 процентке көп. Сұранысы артып тұрған топ бес марканы атап өтейік. Биыл елде «Шевроленің» саудасы жүрді. Ресми диллерлер 10 айда осы маркадағы 23 мыңдай темір тұлппарды сатты. Одан кейін Хёндэ, үштікті жапондық «Тойота» түйіндеп тұр. Корейлік «Киа» төртінші, ал «Лада» бестікке енеді. Соңғысының саудасы биыл екі еседен астам азайып кетті. Бұған Автоваз өнімдерінің қымбаттауы әсер еткен. Кейінгі тоғыз айда автосалонда жаңа көлік 10 проценттей қымбаттады.