Елордалық тәртіп сақшылары есірткіні аса ірі көлемде сатты деген күдікпен 32 жастағы ер адамды ұстады. Күдіктіден бір жарым келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті. Күдікті оны Теміртау, Атырау және Павлодар қаласына сатуға жібермек болған. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 1,5 килограмнан астам “A-PVP” синтетикалық есірткі немесе 5 000 дозадан асады. Мұндай көлемдегі есірткінің қара нарықтағы құны 40 миллион теңгенің шамасында бағаланады. Қазіргі кезде ұсталған адам қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.