Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері тұрғын үйдің оныншы қабатынан құлап кеткен бес жасар қыздың жағдайын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, бала түрлі дене жарақатын алған. “Қазіргі уақытта баланың жағдайы ауыр. Қазір ол жансақтауда ем қабылдап жатыр. Бала толықтай емделіп және тексеріліп жатыр”, – деді Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері. Еске салайық, Нұр-Сұлтандағы тұрғын үйдің 10-қабатынан құлап кеткен бес жасар қызды сол жерден өтіп бара жатқан ер адам қағып алуға тырысқан. Осылайша ол қыздың жеңіл жарақат алуына себепші болған.