Ұзынағаштағы атысқа қатысы бар күдіктілерге іздеу жарияланды

Алматы облысына қарасты Ұзынағаш ауылында болған атысқа күдікті азаматтардың суретін жарияланып, оларға іздеу жарияланды, деп жазды Polisia.kz ақпараттық порталы. Еске салсақ, Ұзынағаш ауылында тапа-тал түсте атыс болып, салдарынан бір адам қайтыс болған еді. Енді жас жас жігіттің өліміне қатысы бар деген күдіктілерге соттың санкциясымен іздеу жарияланды.
Алматы облысы полиция департаменті:
Козыбаев Гани Муратұлы – 31 жаста, ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 1,7,9-тармақтары (Адам өлтіру) және 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша;
Аскар Жаныбекұлы Тыныштыков – 30 жаста, ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 99-бабы 2-бөлігі 1,7,9-тармақтары (Адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі 2- тармағы (Бұзақылық) бойынша аса ауыр қылмыстар жасады деген күдік бойынша;
Серікбол Мұратбекұлы Шөкенов – 30 жаста, ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі 2- тармағы (Бұзақылық) бойынша қылмыс жасады деген күдік бойынша;
Нурсултан Бахтиярулы Аукенов – 30 жаста, ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша іздеу жариялады.
“Назар аударыңыз! Іздеу! Алматы облысының полициясы іздестірілуші туралы мәліметтері бар барлық адамдарға келесі телефондар бойынша хабарлауыңызды сұрайды: +7 701 500 08 47, +7 700 200 07 88, +7 702 717 77 17, +7 707 738 78 78, +7 72770 2 26 02 немесе 102”, – деп қосты ведомство.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында Ұзынағаш ауылында тапа-тал түсте атыс болды. Үш адам жансақтау бөліміне түсті, біреуі көз жұмды.
Ресми мәліметке сәйкес, 4 тамыз күні Ұзынағаш ауылының спорт кешені алдында бір топ жігіт жанжалдасып қалды. Кикілжіңнің арты атысқа ұласқан.