Нұр-Сұлтан тұрғыны мессенджерде белгісіз біреу оның бір жарым жасар баласын ұрлауға тырысқанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Баласы арбада отырған әйелге бейтаныс ер адам келген сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрлардан ер адамның әйелге жақындап, оның баласын арбадан қалай шығарып алғанын көруге болады. Кейін анасы баланы ер адамның қолынан алып алады. Осы сәтте жаяу жүргіншілер әйелге көмекке келеді, ал ер адам қашып кетеді. Кейінірек әйел мессенджерде белгісіз адам баласын ұрлауға тырысқаны туралы жазды. Полиция ер адам ұсталғанын хабарлады. Қылмыстық іс қозғалды. Тексеру жүргізіліп жатыр.