Елорданың сол жағалауындағы “Мисон” тұрғын үй кешенінде ер адам мүгедек қызды зорлады. Желіде оқиға куәгерлері түсірген видео тарады. Олардың айтуынша, 40-50 жас шамасындағы ер адам тұрғын үй кіреберісінде мүгедек қызды зорлаған. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті бұған қатысты түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, “102” нөміріне тұрғын үй кіреберісінде қыз зорланғаны туралы ақпарат түсті. “29 жастағы тұрғын үй ауласында серуендегеннен кейін кіреберіске кірген. Сол кезде екінші қабатта оны белгісіз ер адам зорлаған”, – деп мәлімдеді баспасөз қызметі. Полиция қылмыс жасады деген күдікпен 47 жастағы ер адамды “ізін суытпай” ұстады. Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.