Алғашқы кезеңінде қалада жоспармен 6 мыңнан астам дәрігер ресейлік вакцинаны салдыруы тиіс болған. Біреулер денсаулық жағдайын алға тартса, кейбірі наурыз, сәуір айына дейін күте тұруды жөн санапты деп хабарлайды КТК арнасы. Вакцина салдыру ерікті түрде жүргізіліп жатқандықтан, оны қабылдаудан бас тартатындардың қарасы әлі де көбеюі мүмкін. Нұр-Сұлтан қаласында жыл соңына дейін 735 мың адамға вакцина салдыру жоспарлануда. Оның ішінде ақпан айының басынан наурыз айына дейін 6300 медицина қызметкеріне екпе салу жоспарланған. Еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың сөзіне сенсек, бір вакцинаның құны 11 мың теңгеге жетеді. Алайда елімізде вакциналау – тегін. Бұл мақсатқа бюджеттен 50 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді.