Әлеуметтік желі қолданушылары пилоттық режимде іске қосылған “Ashyq” қосымшасы конституциялық құқықтарды бұзады деген алаңдаушылық білдірді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осыған қатысты түсініктеме жарияланды. “Қисынсыз жағдайларды болдырмау мақсатында қосымша міндетті шара емес, шектеу шаралары кезеңінде жұмыс істей алмайтын бизнес бағыттарына келушілерді қорғау құралы екенін атап өтеді. Бизнес те, азаматтар да қосымшаны пайдалануға мәжбүр болмайды. Кейбір интернет қолданушылары атап өткендей, бұл дүкендерге, дәріханаларға, аулада немесе саябақта серуендеуге әсер етпейді делінген ведомстваның хабарламасында.