Нұр-Сұлтан қаласында бейсенбіге қараған түні жантүршігерлік жол апатынан бес адам ажал құшты, деп хабарлады елорда полициясы. Toyota Camry автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі Есіл өзені арқылы өтетін көпірден Сарайшық көшесіне қарай жүріп, жылдамдықты асырған. Артынша рөлді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Nexıa Ravon автокөлігімен соқтығысқан. Ол көліктің тізгінінде 28 жастағы жүргізуші болды. Жол апатынан 5 адам қаза тауып, 1 адам жарақат алды. Оқиға орнында екі жүргізуші, үш жолаушы қайтыс болды. Toyota Camry автокөлігінің бір жолаушысы ауыр халде қала ауруханасына жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды.