Нұр-Сұлтанда ауа райы бұзылды: бір күнде 90 жол апаты болды

Нұр-Сұлтан қаласында ауа райының бұзылуына байланысты жол апаты күрт өсті. Өткен тәулікте елордада 91 жол апаты тіркелді, деп хабарлады полиция департаменті. Полиция көлік жүргізушілерін қозғалыс кезінде барынша мұқият әрі сақ болуға, жылдамдықты асырмай, қауіпсіз арақашықтықты сақтауға шақырды. Полицияның мәліметінше, дымқыл асфальт көлік жүргізушілері үшін қауіпті саналады. Сонымен қатар түнгі қырау басталды. Мұның бәрі автокөлікті тежеу уақытының ұлғаюына әсер етеді, сондықтан кенеттен жолдан ауытқу мен тежегішті басудан аулақ болу керек. Полиция департаменті жаяу жүргіншілер жолының алдында қозғалыс жылдамдығын барынша азайтуды және өте мұқият болуды сұрайды.