Нұрлан Нығматулин Мәжіліс спикері болды. Парламентшілер оның кандидатурасын Палатаның бірінші отырысында құпия дауыс беру арқылы қолдады деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жалпы отырыста Мәжіліс Төрағасы қызметіне басқа кандидаттар ұсынылмады. Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасына 100 депутат бірауыздан дауыс берді.