Индонезияда жер сілкінісі құрбандарының саны 34-ке жетті

Индонезияда жер сілкінісі құрбандарының саны 34-ке жетті. 6,2 балдық жер сілкінісінің эпицентрі Батыс Сулавеси провинциясындағы Мамуджу қаласының маңында болған. Аймақта көптеген ғимарат құлады. Құтқарушылар үйінділер астынан адамдарды шығару үшін ауыр техникаларды пайдаланып жатыр. Тек Мамуджу қаласының өзінде 26 адам қаза тапқан.