НАТО Таулы Қарабақтағы жанжалға қатысты пікір білдірді. Қарабақтағы қақтығыс салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тапты. Ұрыс қимылдарын тоқтатып, жағдайды бейбіт жолмен шешу үшін келіссөздерді қайта бастауы керек. Бұл туралы НАТО-ның Кавказ және Орталық Азия бойынша бас хатшының арнайы өкілі Джеймс Аппатураян мәлімдеді деп хабарлайды РИА Новости. Қоса кетсек, Қарабақтағы жанжал 1988 жылдың ақпанында Таулы Қарабақ автономдық облысы Әзербайжан ССР-нің құрамынан шығатынын мәлімдеген кезде басталған. 1992-1994 жылдар арасындағы қақтығыс кезінде Әзербайжан Таулы Қарабақ пен оған іргелес жатқан жеті ауданды бақылау күшінен айырылған.