Армения ауруханаларында шұғыл көмекке мұқтаж науқастар қабылданады

Армения ауруханаларында шұғыл көмекке мұқтаж науқастар қабылданады. Ондағы медициналық мекемелерде сырқаттанғандарды жоспарлы қабылдау тоқтатылды. Қазір Әзербайжан мен Армения қақтығыс шығындарын есептей бастады. Осы орайда Әзербайжан қаза тапқандар мен жараланғандардың саны 550-ден астам адамға жеткенін мәлімдеді. Ал Таулы Қарабақ республикасының қорғаныс армиясы 16 әскери қызметкердің қаза тапқанын хабарлады.