Бұл туралы ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтында хабарланды. Абай облысындағы ауқымды өрт салдарынан орман шаруашылығының бірқатар жұмысшының қайғылы қазаға ұшырағаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін. Қолға алынып жатқан шаралар арқылы бұл апат еңсеріледі деп сенемін, – делінген хабарламада.