Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстанның қай қалаларында Назарбаев Университеті секілді жоғары оқу орнын құру жоспарланғанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “2022 жылға қарай Назарбаев Университеті тәжірибесімен Петропавл және Шымкент қалаларында екі озық өңірлік ЖОО құрылады”, – деп хабарлады Мамин. Сонымен қатар, студенттердің шәкіртақысын екі есеге, магистранттар мен докторанттар шәкіртақысын бір жарым есеге арттыру жоспарланған.