Парламент мәжілісі Тұңғыш президент туралы заңның күшін жою мәселесін қарап жатқан жоқ. Бұл туралы мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Мәжілістің жалпы отырысынан кейін спикер Ерлан Қошанов журналистер алдына шығып, сауалдарға жауап берді. БАҚ өкілдері парламент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасын қорғайтын Тұңғыш президент туралы заңның күшін жою мәселесін қарай ма деп сұрады. “Бұл мәжілістің жоспарында жоқ. Біз неге оның күшін жоюымыз қажет. Мұндай мәселе тұрған жоқ. Ол тарихи тұлға, Елбасының тарихи рөлі зор екеніне ешкім дауласпайды деп ойлаймын”, – деді Қошанов.