Қазір Парламент Мәжілісінде заң жобасы қаралып жатыр. “Депутаттар заң жобасы шеңберінде Қылмыстық кодекстен 373 және 374-баптарды алып тастауды жоспарлап отыр. Онда Тұңғыш Президентті көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру, Тұңғыш Президентке қолсұқпаушылық кепілдігін жою үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген”, – делінген министрлік хабарламасында.